КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2023

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

Өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу барлық жастың арманы десек артық айтқандық емес шығар. Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Мектеп бітіруші түлек алдымен ЖОО-на түсу үшін негізгі пәндерін таңдайды, ал қандай мамандық деген кезде ойланып қалатындары анық. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы зор.
Кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (www.kaznu.kz), Химия және химиялық технология факультетінің Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұстаздары Аубакиров Е.А., Жақсылықова Г.Ж., Құдайбергенов Н.Ж., Үсіпбекова Е.Ж., Канапиева Ф.М., Супиева Ж., Василина Г.К. ұйымдастыруымен еліміздің біршама өңірлерінің мектептерімен (Қызылорда, Абай, Жамбыл облыстары). Мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысып университет, факультет және кафедралармен танысып, оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарға кереметтей жауаптарын алды.
Бүгінгі білімді жас Жаңа Қазақстанның ертеңі болу үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн. Өйткені, ХХІ ғасырда жұмыс істейтін мамандар Отанның мақсат-мүддесін алдыңғы орынға қоятын мемлекетті басқару мен өз саласын жетік меңгерген маман болуы қажет.