26
декабрь
2022
"АДАЛ ҰРПАҚ" ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЕСЕБІ
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Н.Бокашева оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айының 20-ы жұлдызында «Парасатты азамат» атты тақырыпта сыбайлас жемқорлыққа қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Қараша айының 10-ы жұлдызында 5-9 сынып оқушылаыр арасында үздік эссе, суреттер, бейне-роликтер конкурстары ұйымдастырылды. Ұйым мүшелерінің ұйымдастыруымен бейнефильмдер мен «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» тақырыптарында ақпараттар беріп, «Адал Ұрпақ» топ жетекшісі Н.Бокашева баяндама оқыды. Оқушылар бір ауыздан жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп, өздерін адал етіп, өз елін, жерін сүйетін патриот болу керек екендігін айтты.
Мектеп оқушыларының арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»тақырыбында сурет көрмесі өтілді. Көрменің мақсаты оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті – құқықтық сананы қалыптастыру болды. Көрмеге 5-8 сынып оқушыларының суреттері қойылды.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісінің ұйымдастыруымен қаңтар айының 20-ы күні «Қоғамда тәртіп негіздері» тақырыбында 11 «А,Ә» сынып оқушыларының қатысуымен пікірталас өткізілді. Пікірталас барысында оқушыларға өз ойларын еркін жеткізу, айту ұсынылды. Оқушылар «Талапкер», «Заңгер» деп екі топқа бөлініп өз ойларын ортаға салды.Мұғалім екі топқа құқық туралы жалпы түсінік беріліп, Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөздерінен бастады. Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздер кіргізілген. Оқушыларға топ жетекшісі Н.Бокашева «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» мағынасын толығырақ ашу туралы бірінші тапсырманы берді. «Талапкер» тобының мүшесі Әлімғазы А. шығып мүлдем төзбеушілік яғни, әрбір азамат кез келген құқық бұзушылықты көрсе, ол туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керектігі жайлы айтып өтті. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Сондықтан да мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың маңызы зор. Құқық қорғау органдар халықпен кездесулер өткізіп, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын енгізу қажеттігі жайлы халықтың назарына жеткізулері қажет, азаматтарға заңды сақтау және басқа адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтың жолын кесу қажеттігін түсіндіру қажет деп «Заңгер» тобының мүшесі Гаитов Б. атап өтті.