07
ноябрь
2024
"АТА-АНА БАҚЫЛАУЫ" ФУНКЦИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫРУ
Құрметті ата-аналар!
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Соңғы жылдары жасөспірімдер арасында суицидтік ойлардың көбеюі алаңдатарлық үрдіске айналды. Бұл жағдайды қиындата түсетін нәрсе – балаларға теріс ықпалдың көп бөлігі интернет пен әлеуметтік желілерден келетіндігі. Жасөспірімдер қысымға, агрессивті контентке, кибербуллингке және қауіпті қауымдастықтарға тап болып, оларды ойланбай жасалатын әрекеттерге итермелеуі мүмкін.
Балаларымызды қорғау және ықтимал қауіптерге уақытылы әрекет ету үшін, қазіргі заманғы технологияларды, мысалы, ата-ана бақылау бағдарламаларын қолдану өте маңызды. Бұл құралдар қауіпті ресурстарға қолжетімділікті шектеп, баланың интернеттегі белсенділігін бақылауға және тәуекел белгілерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана бақылауы – бұл техникалық шара ғана емес, сонымен қатар балаларымыздың сандық әлемдегі өміріне қамқорлық пен назар аударудың бір тәсілі.
Осыған орай, Алматы облысы прокуратурасымен «Ата-ана бақылауы» функциясын телефонға қосу нұсқамасы жасалды. Балаларымызға қауіпсіз әрі жарқын болашақ сыйлау үшін бірге әрекет етейік!