25
октябрь
2024
"ТҮНГІ РЕЙД" ЖҰМЫСЫ
Жастарды тәрбиелеу мектеп мен мекемелердің ғана емес, ата-ананың да міндеті болып табылады. Жеткіншектердің бос уақыты көп болған сайын жаман нәрселерге әуес болады. Қадағалаусыздық, түнгі уақытта беймезгіл жүру еліктегіш балаларды қылмысқа итермелейді.
Осы мақсатта, түнгі рейд жүргізілді. Жүргізілген рейдтік іс-шараның басты мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сонымен қатар, оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату арқылы қоғамға қарсы іс-әрекеттерге итермелейтін ересектерге және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану болды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында жасөспірімдердің топтасып жиналатын орындарына: бұзылып және салынып жатырған құрылыстарға, ауылдың дүкендері, т.б. орындарға бардық. Түнгі сағат 22.00-ден кейін спирттік ішімдіктер мен темекілерді сататын дүкендерге барып, ескерту жасалып, жабуын талап еттік. Алдын алу шаралардың жүйелі өткізілуі ата-аналардың балалары үшін жауапкершілігін күшейтіп, жасөспірімдер қылмысын азайтып, кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды.![]() | ![]() | ![]() |


