27
сентябрь
2024
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
27 қыркүйек Алматы облысы Полиция Департаменті нұсқауы негізінде Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында жалпы аудандық тізбек (линейка) «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шелек ПБ-нің ЖПҚБ УПИ полиция лейтенанты Хелилов Ифрат Ашимжанович тарапынан 7 – 11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді.Жалпы аудандық тізбектің өткізілуінің мақсаты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, ескерту және жолын кесу болып табылады. Мектеп қабырғасына суық қару, атыс қаруын, химиялық және улы заттарды, газдық құрамы бар баллондар, психотроптық заттарды алып келуге тыйым салынады, сондай –ақ қылмыстық жауапкершілік көзделгені және әлімжеттік көрсету, ұрлық, тонау, жыныстық тиіспеушілік, адам өлтіру, бұзақылық, және т.б әкімшілік жауапкершілік туралы атап өтілді.

