САЛАУАТТЫ ӨМІР-ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ-СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫ » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ЖҚТБ-ҒАСЫР ДЕРТІ"
01
декабрь
2025
"ЖҚТБ-ҒАСЫР ДЕРТІ"
27.11-01.12 күндері аралығында «Ғасыр індетінен» сақтаныңыз! атты апталық аясында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру. 
"СПОРТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ" АПТАЛЫҒЫ
07
октябрь
2025
"СПОРТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ" АПТАЛЫҒЫ
Мақсаты: Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.     
ШАХМАТ ОЙЫНЫ
17
декабрь
2024
ШАХМАТ ОЙЫНЫ
17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5 – 11 сынып оқушылар арасында шахматтан мектепішілік олимпиада өткізілді.  Мақсаты: оқушылардың шахмат ойынына қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау. Мектепшілік шахмат олимпиадасының ұтымды ұйымдастырылуына дене шынықтыру пәні мұғалімдері белсене атсалысты. Шараның жоспары бойынша оқушыларға презентация түрінде шахмат ойынының тарихын, шахмат ойынының ережесін, жүру
«СПОРТ-БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ!» ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС
12
декабрь
2024
«СПОРТ-БІЗДІҢ СЕРІГІМІЗ!» ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС
Тәуелсіздік күніне орай мектеп қызметкерлерімен 12 желтоқсан күні «Спорт-біздің серігіміз!» атты эстафеталық жарыс өтті. Ұйымдастырған іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Қатысушылардың ынта-жігері, спортқа деген құштарлығы ерекше болды. Барша жеңімпазды құттықтаймыз және белсенділік танытып, жоғары жетістіктерге жете беруге тілек білдіреміз. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, 1-орынды «Бірлік» командасы, 2-орынды «Найзағай» командaсы, 3-орынды
"ҒАСЫР ДЕРТІНЕН САҚТАНЫҢЫЗ"
29
ноябрь
2024
"ҒАСЫР ДЕРТІНЕН САҚТАНЫҢЫЗ"
27.11-01.12.23 күндері аралығында «Ғасыр індетінен» сақтаныңыз! атты апталық аясында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.  
"ҚЫЗЫЛША ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ. ГЕПАТИТ А"
18
ноябрь
2024
"ҚЫЗЫЛША ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ. ГЕПАТИТ А"
"Қызылша және оның алдын алу. Гепатит А" тақырыбында мектеп медбикесі жиналыс ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға бұл жедел тарайтын вирусты ауру туралы кеңірек түсіндіру, одан сақтану жолдарын, әртүрлі вирустарға қарсы тұру үшін иммунитетін көтеру үшін не істеу керек екендігінен хабар беру.  
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ"
12
ноябрь
2024
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ"
“ Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтілді. Оқушылар “ Пайдалы және зиянды тағамдарды “ сәйкестендірді, “ Тамақтану ережесін” құрастырды, жемістер мен көкөністерді топтастырды. Асқа байланысты нақыл сөздер айтылды. Балалар зиянды тағамдардан аулақ болуды, тамақтанар алдында тазалық сақтау керектігін, уақытылы және дұрыс тамақтану жайында ойларымен бөлісе алды.    
СПОРТ КЕШЕНІНІҢ АШЫЛУЫ
25
октябрь
2024
СПОРТ КЕШЕНІНІҢ АШЫЛУЫ
25 қазан Республика күніне орай жағымды жаңалықтардың бірі – жаңа спорт кешенінің ашылуы. Қаратұрық ауылдық округінде Ащысай ауылында заманауи спорт кешені бой көтерді. Волейбол, теннис, бокс, күрес, тағы басқа да үйірмелеріне мектеп оқушылары қатыса алады      
«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2024»
06
сентябрь
2024
«ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ-2024»
«Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» атты денсаулық фестивалінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Фестивальдің ашылу салтанаты мектеп директоры Ж.Мухалиеваға берілді. Фестивальде 7-8 сынып оқушылар «Спорт біздің болашағымыз» атты әдеби монтаж оқып, 9-11 сынып оқушылары «Спорт, спорт, спорт» атты флэш моб биледі. Дене шынықтыру пән мұғалімі А.Асылбеков, Б.Есенбеков, А.Надырбеков, Ш.Ивуллаев жалпы шынығу жаттығуларын 2-11 сынып оқушыларына өтті. Үлкен футбол жарысын Б.Есенбеков пен И.Марис Достық
"ЖАЗҒЫ КӨҢІЛДІ АЛАҢ"
08
август
2024
"ЖАЗҒЫ КӨҢІЛДІ АЛАҢ"
"А.Бертаева атындағы орта мектеп" КММ "Жазғы көңілді алаң" атты мектеп жанындағы лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүргізілуде.
"ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ"
01
июнь
2024
"ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ"
"А.Бертаева атындағы орта мектеп" КММ-де мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: Жазғы мезгілде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен денсаулықтарын жақсарту. 
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҚОҒАМ ОШАҒЫ"
25
апрель
2024
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҚОҒАМ ОШАҒЫ"
"А.Бертаева атындағы орта мектеп" КММ Еңбекшіқазақ аудандық психологы мен Шелек ауылдық амбулатория дәрігерімен "Қыз тәрбиесі-қоғам ошағы" атты кездесу өтті. Кездесу мақсаты адам денсаулығына зиянды электронды темекі, нашақорлық, жыныстық тәрбие және буллинг пен кибербуллинг алдын алу.     
"КИЕЛІ МЕКЕН" КҮНІ
20
апрель
2024
"КИЕЛІ МЕКЕН" КҮНІ
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білімі" мемлекеттік мекемесінің "А.Бертаева атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 20 сәуір күні "КИЕЛІ МЕКЕН"күні республикалық акциясына қатысып сенбілік өткізді.Сенбілікке мектеп ұстаздары мен қызметкерлері қатысты.
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"
13
апрель
2024
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында "Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп" КММ қызметкерлері 13 сәуір күні "Таза өлке" атты сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамтитыны белгілі. Сондықтан, осы сенбіде де мектеп ұжымы мектеп ауласының тазалығы жұмыстарына жұмыла кірісіп, белсенділік танытты.
"ШАХМАТ"
12
апрель
2024
"ШАХМАТ"
Жас ұрпақтың рухани өсуіне,шахмат теориясын үйрену, әртүрлі ойындарды есте сақтай білуге үйрету, оқушылардың ой-өрістерін дамыту мақсатында “Шахмат ойыны” челленджі өтті.  
"ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ"
20
март
2024
"ҰЛТТЫҚ ОЙЫН-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ"
ұлттық ойындарды насихаттау, мәдени мұраны сақтау, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейту мақсатында 7-8 сыныптар арасында "20 наурыз-Ұлттық спорт" күніне орай ұлттық ойындардан жарыс өтті. Оқушылар «ҚОЛ КҮРЕС», «БЕСТАС», «ТЕППЕ» (ЛӘҢГІ), «АСЫҚ ОЙЫНДАРЫ», «ҚОШҚАР КӨТЕРУ», «АРҚАН ТАРТУ» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Сайысқа түскен жастардың қызығушылығы мен белсенділігінде шек жоқ. Іс-шара соңында топ жарған жеңімпаздар алғыс хат, мадақтамалармен марапатталды инста парақшадан
"ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
21
февраль
2024
"ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ"
Аудандық "Ұлттық мектеп лигасы" ұстаздар арасындағы волейбол жарысында А.Бертаева орма мектебінің қыздар командасы 3 орынды иеленді. Жарыста ағылшын пәнінің мұғалімі Тагашева Жадыра "Үздік ойыншы" номинациясын иеленді.
"АЙБЫН" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫН
21
февраль
2024
"АЙБЫН" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫН
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуын Қаратұрық ауылдық округі көлемінде атап өтуге арналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны 10-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. А.Бертаева атындағы орта мектеп оқушылары 1 орынды иеленді. Мақсаты: Ардагерлердің ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, жастарға бағыт-бағдар беру, елге деген патриоттық сезімді ояту,салауатты өмір салтын ұстану, жастарға насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.  инста парақшадан көру үшін