12
ноябрь
2024
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ"
“ Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтілді. Оқушылар “ Пайдалы және зиянды тағамдарды “ сәйкестендірді, “ Тамақтану ережесін” құрастырды, жемістер мен көкөністерді топтастырды. Асқа байланысты нақыл сөздер айтылды. Балалар зиянды тағамдардан аулақ болуды, тамақтанар алдында тазалық сақтау керектігін, уақытылы және дұрыс тамақтану жайында ойларымен бөлісе алды.


