Асхана жұмысын тексеру » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2024

Асхана жұмысын тексеру

Бүгінгі таңда мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылған 1-4 оқушылар саны – 194, 5-11 сынып оқушылары арасында -100 оқушы. Барлығы -294 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

🍛Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша: жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай. Уақытылы медициналық тексерістен өткен. Құжаттары дұрыс.

🍽️Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған.

👩‍🍳Ас мәзірі асхана бұрышына ілінген, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталынады. Қайнаған су бар.

🍲Мектеп асханасында дайын және жартылай дайын өнімдердің сақталуын тексеру барысында өнімдердің жарамдылық мерзімі өтпеген.

🥞Тоңазытқыш тазалығы нормаға сай, әр азық-түлік тоңазытқышта өз орындарына қойылған. Ет өнімдері жеке сақталады. Мектеп асханасында тыйым салынған азық-түліктің сақталмайтындығы және тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаттарының сертификаттары талаптарға сай екендігі анықталды.

☕️Оқушыларға ұсынылатын сусындар мен шырындардың өз көлемінде құйылып берілетіндігі анықталды. 1-4 сынып оқушылары ұйымдасқан түрде тамақтанады.
инста парақшадан көру үшін​​​