Бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы мәлімет » "Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп - Лавар бастауыш мектебімен" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп - Лавар бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2023

Бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы мәлімет

Бір мезгіл ыстық тамақпен қамту туралы мәлімет

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқытарын қорғау комитетінен 2023 жылғы 18 тамызда келіп түскен №15-2/5015-И хаты және Алматы облысының басқармасының 2023 жылғы 31 тамыз №42-01-34/3775 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары бір уақыт тегін ыстық тамақпен қамтылуы тиіс екендігі хабарланды. 

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023-2024 оқу жылының 1  қыркүйегінен бастап 1-4 сынып бойынша барлық бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттік атаулы көмек алатын  тегін және жеңілдетілген бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 5-11 сыныптар бойынша оқушылардың тізімі нақтыланып, бекітілді.

2023-2024 оқу жылына бір мезгіл тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы, тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясын құру туралы бұйрықтары бекітілді. Мемлекеттік бюджет есебінен тегін берілетін ыстық тамақтың  жоспары дайындалып, ыстық тамақтың ас мәзірімен, кезекшілік кестесі бекітілді.

Бюджет есебінен бөлінген бір мезгіл ыстық тамақтың бағасы 1-4 сынып 500 теңгеге, 5-11 сынып 550 теңге. Қамтылған оқушылардың тиісті құжаттары (туу туралы куәлігі, мемлекеттен атаулы көмек алатыны жөнінде анықтама, өтініш, қол хат) жинақталды. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 267. Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары – 181, 100 % ыстық тамақпен қамтылды. 5-11 сынып аралығынан мемлекеттік атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған 86 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. 

І ауысымды – 108 оқушы тамақтанса, ІІ ауысымда –159 оқушы тамақтанады. Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығы, ас сапасы және асхана кезекшілігінің дұрыс атқарылуы бойынша бұйрықпен бекітіліп, ай сайын комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, АКТ толтырылады.

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, Достық ауылы Тохтар Аубакиров көшесі, 109А

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп - Лавар бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru