13
апрель
2024
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында "Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп" КММ қызметкерлері 13 сәуір күні "Таза өлке" атты сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамтитыны белгілі. Сондықтан, осы сенбіде де мектеп ұжымы мектеп ауласының тазалығы жұмыстарына жұмыла кірісіп, белсенділік танытты.