30
апрель
2023
"БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН"
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың , ынтымақ пен ырыстың ордасына айналған. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек, осыған орай 1-Мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған біздің мектепте «Бірлігіміз жарасқан!» атты әр топта тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарының мақсаты: Елімізде мекен етіп отырған өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен, олардың өнер мен салт-дәстүрлерімен таныстыру, «достық», «бірлік» ұғымдар туралы мағлумат беру, татулыққа, мейірімділікке, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Бейбітшілік символы көгершін құстары сол күні топтарды толтырды, тәрбиеленушілер әр ұлттың киімдерін киіп, ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар тәрбиешілер бейне таспаларды қолданып сол күні өтетін шеруді балаларға көрсетіп түсіндірді, достық, бірлік туралы мақал-мәтелдерді үйретті.
Сыныптарда оқушылар ынтымақ, бірлік туралы өлең шумақтарын айтып, ән шырқады. «Тату тәтті боламыз...!» атты көріністін мағынасын ашып, бір ұлт болып, бір жерде бірігеміз деген пікірге келді. Бір елде мәңгі өмір сүреміз, бірлік, достық айырылмас әніміз, бірге жүріп, бірге оны шырқаймыз. Қазақ, татар, орыс, армян бол, дос болудан қашпаймыз.