15
ноябрь
2024
"ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ-БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ"
Ахыска түріктерінің Достық ауылын мекен еткендеріне биыл 80 жыл толды. Соған орай «Ахыска» Достық ауылының түркі ұлты нәубет жылдарын еске алып, ас берді. Ахыска түріктері – көне түркі әлеміндегі тарихи тағдыры ауыр ұлттардың бірі. Бұл ұлт қазақ жерінен географиялық тұрғыда қашықта орналасқанына қарамастан, тағдыр оны қазақпен бір шаңырақ астында табыстырды. Ахыска түріктері – Сталин режимінің салдарынан 1944 жылы Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударуға мәжбүр болған түрік ұлтының өкілдері. 1944 жылы 14 қарашада Грузияның Түркиямен шектесетін Аспиндза, Ахыска, Адыгюн, Ахилкелек және Богдановка секілді аудандарын қоныстанған жергілікті түріктер Орта Азия аумағына күштеп қоныс аударылған болатын.


