"ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ" » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
март
2024

"ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ"


Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. 22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндіргей. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!Мұсылман қауымына исламның жеті байлығын тілейміз деген тілекпен 22.03.2024 ж. күні Наурыз мерекесі «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» КММ аталып өтілді. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалды. Ауыл тұрғындарына арналып қазақ, түрік, ұйғыр ұлтының ұлттық тағамдарын дайындап, дастархан жайды.
Дәстүрлі ұлттық ойындар: қошқар көтеру, арқан тартыс, қол күрес, т.б. ойындар ойналды. Ауыл әкімі А.Ілебаев барша қауымды атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірсе, мектеп директоры Ж.Мухалиева іс-шараның жүру тәртібімен таныстырды. Әуендете орындалған әндер, нақышына келтіріліп билеген бишілердің тартуы мерекенің ажарын ашты. Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде тойланып, есте қалды.