"НАУРЫЗ ДУМАН" » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2024

"НАУРЫЗ ДУМАН"

Наурыз мейрамы қарсаңында балалардың халық ертегілер еліне саяхат жасау арқылы салт-дәстүрді құрметтеуге дәріптеу, наурыз мейрамы туралы түсінік беру, ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, кейіпкерлердің айқын образын көрсете білуге, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» КММ-де 15.03.2024ж күні «Сиқырлы думан» атты ертегілердің теартланған қойлымдары өтілді. Іс шараның шымылдығын ауылдың әжелері «Наурыз» әнін шырқап, шашуын шаша кіріп ашты. Балалар Қыдыр атаны қарсы алып, ертегілер әлеміне шақырды. Аталмыш «Сиқырлы думан» атты ертегілерден саханалық қойылымдарды сомдауға «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана жетекшісі А.Хизирова бастап, жас оқырмандар назарына «Жыл басына таласқан жануарлар», «Жыл мезгілдері», «Күлше қыз», МАД тобына «Бауырсақ», «Қызыл телпек» атты қазақ халық ертегілерін ұсынды. Бұл ертегілер жас бүлдіршіндерді ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, білім алуға, ізгілікке тәрбиелейді. Адам білімнің нәтижесінде ғана өміріндегі айтулы жетістіктерге қол жеткізе алатындықтарына бағдар береді. Жоғарыда аталған ертегі кейіпкерлерін оқушыларына сомдатқан бастауыш пән мұғалімдері наурыз мейрамы мен «Әжемнің ертегісі» жобасын ұштастырып кең ауқымда, ерекше форматта халық ертегілерін қолдану негізінде балаларды туған өлкенің мәдениетімен таныстырды.