"КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ!"
2022 жылы 1-10 қараша аралығында 2-ші рет 2-11 қазақ сыныптары оқушыларына арналған «КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ» атты республикалық марафоны өтті!!! Ұлы Абайдың «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге, Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген мағыналы сөздерінен кітап оқудың кез-келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Сондықтан да жақсы кітаппен әрдайым дос бол, кітаптың сырын ұқ, білімнің