28
январь
2023
"СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ"
Қаңтардың 28 күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында волейбол ойынынан жарыс өткізілді. Жарысқа мектеп ұжымынан құралған 5 команда қатысып, ең үздік ойыншылар анықталды. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Жалпы ойынның нәтижесі бойынша "Жалын" командасы 1 орын, "Достық" командасы 2 орын, "Бірлік" командасы 3 орынға ие болды. Командалар медаль және кубокпен марапатталды. Ерекше көзге түскен үздік ойыншылар жеке номинацияларымен марапатталды.
