РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ ІС-ШАРАЛАРЫ » Страница 2 » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
СПОРТ КЕШЕНІНІҢ АШЫЛУЫ
25
октябрь
2024
СПОРТ КЕШЕНІНІҢ АШЫЛУЫ
25 қазан Республика күніне орай жағымды жаңалықтардың бірі – жаңа спорт кешенінің ашылуы. Қаратұрық ауылдық округінде Ащысай ауылында заманауи спорт кешені бой көтерді. Волейбол, теннис, бокс, күрес, тағы басқа да үйірмелеріне мектеп оқушылары қатыса алады      
"КҮЗГІ АСАР" ЖӘРМЕҢКЕСІ
18
октябрь
2024
"КҮЗГІ АСАР" ЖӘРМЕҢКЕСІ
18 қазан күні «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтілді. Жәрмеңкенің мақсаты: адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту. Жәрмеңкенің өтуіне атсалысқан оқушылар мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!     
"19 ҚАЗАН-ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ"
17
октябрь
2024
"19 ҚАЗАН-ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ"
2024-2025 оқу жылының 17 қазан күні «19 қазан-Құтқарушылар күніне» орай білім алушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 1-11 сынып оқушыларына “Сейсмо-жаттығу” өткізілді. Әр дүйсенбі сынып жетекшілер сынып туралы рапорт беріп, оқушылар “Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары” (жер сілкіну, су тасқыны, өрттен сақтану т.б.) тақырыптар бойынша сурет салып, постер қорғады. Сейсмо дабыл кезінде әр сынып жылдам сапқа тұрып, сынып алғашқы көмек жинағы салынған қораптарын бірге
ҰСТАЗДАР КҮНІ
04
октябрь
2024
ҰСТАЗДАР КҮНІ
Ұстаз – әлемдегі ең қызықты әрі ең қиын мамандық. Бұл саланы таңдаған әр адамға қырық атанға татырлық жүк қоса беріледі.  Сол жауапкершілік жүгін қайыспай көтере білу – міндет. Төрткүл дүниенің бүгінгі көрінісі ,қазіргі ахуалы- ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Себебі, Президент пен министр, депутат пен әкім, өнер адамы мен спорт майталманы, кәсіпкер мен құрылысшы, дәрігер мен мұғалім – барлығы да ұстаздың тәлім тәрбиесін алған жандар. Балабақшада, мектеп пен университет қабырғасында ұстаздар
"ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН!"
04
октябрь
2024
"ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН!"
1 қазан - Қарттар күні мерекесі құтты болсын! Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың аудан, облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым -
"ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН"
02
октябрь
2024
"ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН"
“Даналық Ұстаздан”. Мектеп ұжымының Ардагер ұстаздарды құттықтауы инста парақшадан көру үшін басыңыз
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРУ
19
август
2024
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРУ
Жаңа 2024-2025 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2024 жылғы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында республикада «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т.б. жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау көрсету. Қайырымдылық көмек белгілі бір отбасына, мектепке
"АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!"
09
август
2024
"АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!"
“Абайды оқы, таңырқа!” тақырыбымен мектеп оқушыларының Абай шығармашылығынан өлеңдер оқу шарасы өтті.  Мақсаты: хәкім, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғырту, ақын ілімі негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыру. инста парақшадан көру үшін
"АБАЙ КҮНІ"
09
август
2024
"АБАЙ КҮНІ"
10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Осыған орай мектебімізде «Абай және ұлттық тіл» тақырыбындағы 
үздік эссе, үздік шығармалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – қазақтың Ұлы ақыны Абайдың мол мұрасын насихаттап, жастарға оның тәрбиелік мәнін жеткізу. Сайысқа 6-10 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. Байқаудың әділ бағасын берген қазылар алқасы көпшілік арасынан суырылып шыққан жеңімпаздарды анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша 9 "А" сынып оқушысы Айтбай Ару  I орын алса, 8 "Ә" сынып оқушысы
"ЖАЗҒЫ КӨҢІЛДІ АЛАҢ"
08
август
2024
"ЖАЗҒЫ КӨҢІЛДІ АЛАҢ"
"А.Бертаева атындағы орта мектеп" КММ "Жазғы көңілді алаң" атты мектеп жанындағы лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүргізілуде.
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРУ
01
август
2024
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" АКЦИЯСЫНА ШАҚЫРУ
Жаңа 2024-2025 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2024 жылғы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында республикада «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т.б. жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау көрсету. Қайырымдылық көмек белгілі бір отбасына, мектепке
"ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!"
14
июнь
2024
"ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!"
«Жолың болсын, Жас түлек-2024» салтанатты жиыны өтті. Мақсаты: Білім мен білімнің құндылығын қалыптастыру, үздіксіз білім алу қажеттілігін қалыптастыру;  Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болуға, жастар арасында жоғары әлеуметтік белсенділік пен бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ету. А. Бертаева атындағы орта мектепті-39түлек,«Алтын белгі» иегерлері-8 түлек аяқтады. Түлектерімізге ақ жол тілейміз! 
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ
04
июнь
2024
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ
«Болашақ» жазғы демалыс лагеріне бастауыш сыныптың 80 оқушысы қамтылды. Жазғы демалыс лагерьді барынша қызықты етіп өткізуге бастауыш сынып ұстаздары мен мектептің тәлімгері, музыка мен дене шынықтырыу пәнінің ұстаздары жоспар бойынша жұмыс атқарды. «Болашақ» жазғы демалыс лагерінің мақсаты: жазғы демалыс лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
04
июнь
2024
"АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
"Алтын балалық шақ" декадасы аясында 5-8 сынып оқушылары арасында қол өнер байқауы өтті
"БҮЛДІРШІНДЕР ҮЛКЕН ТАЛАНТТАР" СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ
03
июнь
2024
"БҮЛДІРШІНДЕР ҮЛКЕН ТАЛАНТТАР" СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ
«Біздің лагерь» асфальтта сурет салу байқауы өтті. Балаларға арасындағы асфальтта сурет салу байқауының мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
"БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ"
01
июнь
2024
"БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ"
1 маусым балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Халықаралық балаларды қорғау күні - бұл баршамызға балаларымызды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының, амандығының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күні олардың қажеттіліктеріне, құқықтары мен көңіл-күйіне ерекше назар аударылады. Балалардың қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада тәрбие алып, дамуына қолайлы ахуал құру үшін біз жауаптымыз. Балалар – біздің болашағымыз, оларды желеп-жебеп жүру - қоғам қамқорлығының
"ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ"
01
июнь
2024
"ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ"
"А.Бертаева атындағы орта мектеп" КММ-де мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: Жазғы мезгілде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен денсаулықтарын жақсарту. 
"ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАР" АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
23
май
2024
"ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАР" АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
    ВИДЕОРОЛИКТЫ КӨРІҢІЗ Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мектептен бастау алады. Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, қоғам өміріне бейімдеуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге, салауатты өмір негіздерін жүзеге асыруға бағыттайды демекші, биылғы оқу жылының 23 мамыры күні Алтынбике Бертаева атындағы орта мектебінде «Құндылыққа бағдар: сапалы білім, ұлттық мүдде, ұлағатты ұрпақ» атты тақырыпта мектеп
"ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАП" КҮНІ
02
май
2024
"ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАП" КҮНІ
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған іс-шара