ҰСТАЗДАР КҮНІ » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2024

ҰСТАЗДАР КҮНІ

Ұстаз – әлемдегі ең қызықты әрі ең қиын мамандық. Бұл саланы таңдаған әр адамға қырық атанға татырлық жүк қоса беріледі.  Сол жауапкершілік жүгін қайыспай көтере білу – міндет.
Төрткүл дүниенің бүгінгі көрінісі ,қазіргі ахуалы- ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Себебі, Президент пен министр, депутат пен әкім, өнер адамы мен спорт майталманы, кәсіпкер мен құрылысшы, дәрігер мен мұғалім – барлығы да ұстаздың тәлім тәрбиесін алған жандар. Балабақшада, мектеп пен университет қабырғасында ұстаздар сусындатқан білімнің арқасында әрқайсысы жетістікке жетіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Тарыдай болып келген бүлдіршіндердің қолына қалам ұстатып, әріп жазу мен есеп –қисаптың қыр сырын үйретіп, он бір жыл бойы оқытып, таудай азаматтарды алтын ұядан ұшыратын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Бұл ретте шәкірттерге білім беруші адам қоғамға бірінші кезекте азаматты, содан кейін ғана белгілі бір кәсіп иесін сыйлайды.
Осынау Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында білім алушылар ұстаздарға арналған өлең шумақтарын айтып, би билеп, ән шырқап өз өнерлерін көрсетті.