"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" ЧЕЛЛЕНДЖІ » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2025

"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" ЧЕЛЛЕНДЖІ

«Бұрымды қыз» челленджі – қазақ мәдениетіндегі қыз­дардың ұзын шашын дәріптейтін, сұлулық пен дәстүрді насихаттайтын ерекше бастама. Бұл челлендж қазақ қыздарының әсем­дігі мен табиғи сұлу­лығын айқындайтын, сондай-ақ қазақтың бай мәдени мұрасын ұлықтауға арналған іс-шара ретінде танымал. Шаш – қазақ халқының дәс­түрінде ерекше маңызға ие. Оны тек сән үшін емес, ден­саулықтың, тазалықтың және сұлулықтың белгісі ре­тінде қадірлейді. Со­нымен қатар бұл қазақ мә­дениетінің жаң­ғыруы мен жас буынға оның маңыздылығын жеткізу тәсілі екені анық.
Қазіргі кезде жаһандану үрдісінде көптеген жастар ұлттық құндылықты елемей, Батыс мәдениетіне ауытқуда. мектеп жасындағы қыздар жас шыбық тәрізді, оның түзу болып өсуі отбасы мен мектепте алған тәрбиесіне тікелей байланысты. Жастардың, әсіресе мектеп оқушыларының  ұлттық құндылықтарға бет бұруына көмектесетін мұндай бастама ұлттың болашағы үшін өте маңызды.