24
октябрь
2024
"ЖАСА, ЖАЙНА, ҚАЗАҚСТАН!" САЛТАНАТТЫ ЖИЫН
Сіздерді Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! 2022 жылдың 16 маусымында Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болу керектігін атап өткен болатын. Бүгінде араға біраз жылдар салып «25 қазан – Республика күні» ұлттық мереке ретінде бекітілді.
24 қазан "Жаса, жайна, Қазақстан!" тақырыбымен салтанатты жиын өтілді. Патриоттық әндер шырқалып, әдеби монтаж орындалды. "Жас ұлан, Жас қыран" қатарына 3 және 5 сынып оқушылары қабылданды.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрбір шаңыраққа бақ-береке және ырыс тілейміз! Еліміздің мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтай беруіне тілектеспіз!

