"ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ-БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ"
Ахыска түріктерінің Достық ауылын мекен еткендеріне биыл 80 жыл толды. Соған орай «Ахыска» Достық ауылының түркі ұлты нәубет жылдарын еске алып, ас берді. Ахыска түріктері – көне түркі әлеміндегі тарихи тағдыры ауыр ұлттардың бірі. Бұл ұлт қазақ жерінен географиялық тұрғыда қашықта орналасқанына қарамастан, тағдыр оны қазақпен бір шаңырақ астында табыстырды. Ахыска түріктері – Сталин режимінің салдарынан 1944 жылы Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударуға мәжбүр болған түрік ұлтының