Мектептің даму жоспары » "Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп - Лавар бастауыш мектебімен" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп - Лавар бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2022

Мектептің даму жоспары


«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі







Мектептің даму жоспары















10 жыл 266.1 тармақ


Мектептің даму бағдарламасы


«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


I.Кіріспе 


         Бағдарламаның өзектілігі.


Еліміздегі тұрақты дамудың жаңа стратегиялық дамуы, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.Білім беруді дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі-жаңаша көзқарасты және инновациялық қызметті талап етеді. Алдағы басым бағыттардың бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі және сапасын қамтамасыз ету, орта білім беру сапасын арттыру, мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету, қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету,  қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобаны ,Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын басшылыққа алу.

          Өйткені, басты талаптарының бірі –білім мен ғылымда интеллектуалдық серпіліс жасау, мектептің дамуын жүзеге асыру,оның болашағына оң әсер ету.

      Білім мен ғылым саласында мектептің дамуын жүзеге асыру ұстаздар алдында тұрған басты міндет.

Мектептің даму бағдарламасын іске асыру бәсекге қабілетті білім ұйымдарын қалыптастыруға және білім беруді дамытудың жаңа тенденцияларына сәйкес басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмысты жандандыру, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, 2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтер үшін қолайлы жағдай жасау және олардың кәсіби өсуін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыруға мүмкіндік беру. Дарынды жастарды тарту және іске асыру процесінде тиісті курстарда оқыған мұғалімдердің тәсілдерді, әдістер мен технологияларды, оқу жетістіктерін бағалау жүйесін, оқу қарым-қатынасының басымдықтарын түбегейлі өзгертеді және осылайша мектептерде оқытуды жақсартуға айтарлықтай әсер етеді. Бұл нәтиже мұғалімдердің педагогикалық практикасымен біріктірілген біліктілікті арттыру болып табылады.

     Орта білім беру мазмұнын кәсіби дағдылар мен құзыреттерді ерте қалыптастыруға қайта бағдарлау, ал жоғары сыныптарда бейіндік даярлыққа назар аудару.

    Дарынды және дәлелді білім алушылармен жұмыс істейтін педагогтерді жүйелі қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

      Инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс ретінде заңнамалық анықтамаға ие («Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). 

      Кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастыру және  түлектерді әлеуметтендіру мәселелерін қарастыру қажеттілігі туындайды, бұл процеске әртүрлі мамандар мен ата-аналарды тарта отырып,  жасөспірімдердің кәсіби жоспарларын олардың мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіби бағдарлау кезеңінде түзету қажет.

PIRLS, PISA, ICILS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің, сондай-ақ SAT тестілерінің және т.б. құралдарына ұқсас функционалдық сауаттылық пен құзыреттілікті өлшеуге бағытталған мәселелерге қатысты ҰБТ мазмұнын қайта қарау қажет, жаңартылған білім беру мазмұнын ескере отырып, базалық білімді тексеруге бағытталған бастауыш және негізгі орта білім беру бағдарламасын меңгеруге арналған орта білімді сыртқы бағалау моделін жетілдіру қажет.


     Оқушылар білім мен дағдылар жиынтығын тек меңгеріп қана қоймай,оларды өз бетімен іздеп, талдап, құрып, ақпаратты тиімді түрде пайдалана отырып, қоғамда өзін–өзі жүзеге асыруға қабілетті болып шығуы керек» делінген. Демек,  қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай туғызатын және олардың үйлесімді дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр.


         Бұл мақсатқа жету жалпы білім беретін мектептерді басқаруды жетілдірумен астасып жатыр.

      Қазіргі кезеңде әлемдік білім кеңістігінде  білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғам мүддесіне өзін–өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны және   инновациялық қажеттілікті, яғни үнемі өзгерістер жағдайында өмір сүруді қалыптастыру, нақты жағдаяттарды сыни тұрғысынан ойлау негізінде оқыту, өз мақсаттарын қою, құрастыру және оған жету тәсілдерін таңдау.Тұлға дербес өздігінен жұмыс істеу іскерлігін жүзеге асырады.

   Білім берудің барлық деңгейлерін жаңа сапаға көтеру, педагогикалық қызметкерлердің еңбегін ынталандыру, оған мемлекеттік қолдауды күшейту және білім беру жүйесін басқаруды дамыту.

      Мектептегі басқару және жетілдіру өзіндік ерекшелігі бар мәселе болып табылады. Себебі, қазіргі мектептегі басқаруда білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында инновациялық үдерістерді қолдау. Тұлғаның және оның іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау. Білім беру үдерісін технологияландыру, білім берудің жаңа мазмұнын жүзеге асыруда оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен енгізу.

        Мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында аралық және қорытынды сараптау жүргізіледі. Сараптау бағдарламада  белгіленген көрсеткіштер негізінде орындалады. Мектептің даму барысын бағалау көрсеткіштері: ұйымның жаңашылдық қызметі, білім беруді ұйымдастыру, білім беру үдерісінің тиімділігі.

     Мектептің келешегін болжайтын, мақсат, міндеттерін айқындайтын, түпкі нәтижеге жетелейтін нақты бағыттарды көрсететін басқарудың басты құжаты –мектептің даму бағдарламасы.


«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Даму бағдарламасы, бұдан әрі бағдарлама, ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР «Бала құқығы туралы» Заңына ҚР мемлекеттік орта білім стандарты, ҚР білім беруді ұйымдастыру жүйсіндегі эксперименттік алаң туралы ережелерге, білім беретін мектептің жарғысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.


      Мектеп – білім беру жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай, білім берудің сапасын арттыру арқылы білім беру жағдайын талдау және мониторингілеу және білім берудің жаңа тенденциялары негізінде жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартын орындау, сапалы білім беру нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында осы бағдарлама жасалынды.


      Бағдарламаның негізгі идеясы: «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мекемесінің  дамуын басқаруды жетілдіру, нақты перспективалық шараларды белгілеу, педагогикалық үрдісті инновациялық идеялармен қамтамасыз ету.


Бағдарламаның педагогикалық – әдістемелік және практикалық

маңыздылығы:


  • Мектепті басқарудағы педагогикалық менеджмент пен даму сипатамасының алғы шарттары анықталады;
  • Білім беруде тұлғаға бағытталған педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру, мектеп басқару жүйесінің тиімділігін анықтау әдістері мен өлшемдері әзірленеді;
  • Мектептің жаңа ұйымдасқан құрылымын, басқарудың тұжырымдық, құрылымдық – лауазымды сатылық және құрылымдық – қызметтік үлгілері жобаланады;
  • Мектептің даму жоспары жасалды;
  • Білім беруде мектеп басқару үлгісін жасау барысында қазіргі басқаруға сараптамалар жасалып, одан шыққан нәтижелер жалпы педагогикалық тәжірибемен салыстырылып кемшілік тұстарын түзету назарға алынады.
  • Сапалы білім мазмұнын қамтамасыз ету,білімдегі олқылықтарды жою, білім берудегі оқу жоспары мен оқу-әдістемелік материалдардың сәйкестігін сақтау.
  • Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін, технологияларын тиімді қолдану.
  • Білім беруде сапалы орта жасау, саналы оқушылар қауымын тәрбиелеу.





II. Негізгі бөлім

Бағдарламаның паспорты

Атауы 

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бағдарламаны әзірлеудің негіздемесі 

Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының орта білім стандарты, Қазақстан Республикасының тәрбиенің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

 «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы.

 Бағдарламаның мақсаты 

Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету,  бастауыш мектеп жасындағы оқушының білім, дағды, іскерлік дәрежесін қадағалау. Білім берудің барлық деңгейлерін жаңа сапаға көтеру, педагогикалық қызметкерлердің еңбегін ынталандыру,білім беру жүйесін басқаруды дамыту. Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін, технологияларын тиімді қолдану. Орта білім беру сапасын арттыру: PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды қатыстыру. Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету.

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің даму бағдарламасын теориялық негіздеу және әзірлеу.

Бағдарлама міндеттері 

1.Білім берудің барлық деңгейлерін жаңа сапаға көтеру, педагогикалық қызметкерлердің еңбегін ынталандыру, оған мемлекеттік қолдауды күшейту және білім беру жүйесін басқаруды дамыту

2.Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту. 
 3. Қалалық және ауылдық білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту
  Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
 4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.

5. Білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу білімдегі олқылықты жою, қолдана білуді қамтамасыз ету, инновациялық үдерістерді қолдау. 

6.Тұлғаның және оның іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау. 

7. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
 8. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
 7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
 
8.Білім беру үдерісін технологияландыру, білім берудің жаңа мазмұнын жүзеге асыруда оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен енгізу.

9.Мектептің даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында аралық және қорытынды сараптау жүргізу. 

10.Мектептегі білім беру үдерісін ұйымдастыру, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру.

Күтілетін нәтиже 


 Мектепті басқарудағы педагогикалық менеджмент пен даму сипатамасының алғы шарттары анықталады.

Білім беруде тұлғаға бағытталған педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру, мектеп басқару жүйесінің тиімділігін анықтау әдістері мен өлшемдері әзірленеді.

Білім  беруде мектеп басқару үлгісін жасау барысында қазіргі басқаруға сараптамалар жасалып, одан шыққан нәтижелер жалпы педагогикалық тәжірибемен салыстырылып кемшілік тұстарын түзету назарға алынады.

Сапалы білім мазмұнын қамтамасыз ету, білім берудегі оқу жоспары мен оқу-әдістемелік материалдардың сәйкестігін сақтайды.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін, технологияларын тиімді қолданады.

Білім беруде сапалы орта жасап, саналы оқушылар қауымын тәрбиелейді.

Жаңартылған білім беруде білім беруді енгізуді ұйымдастыруға, жүзеге асыруға бейімді педагог кадрлар қайта даярлаудан өтеді.

PISA (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) халықаралық зерттеуіне 15 жастағы оқушылардың математика, оқу, ғылым және жаратылыстану пәндерінен қатыстырады. PIRLS т.б халықаралық зерттеулерге, ББЖМ-ге оқушылар қатыстыру.

Психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың және бейіндік бағдарлаудың жүйесі құрылады.

Педагогикалық ұжымның зерттеушілік, ғылыми-әдістемелік, инновациялық қызметі белсендіріледі.

Мектептің материалдық-техникалық базасы қазіргі талаптарға сай жаңартылады.

Бәсекеге қабілетті тұлға мен маманды қалыптастырудың негізін отбасында, қоғамда және білім беру жүйесінде қалыптастырады. Бағдарламаны іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алады. 

 "Жас қыран" (1-4-сыныптар), "Жас Ұлан" (5-10-сыныптар) балалар мен жасөспірімдер қозғалысын, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубы жұмысын жандандырады, жалғастырады

      Балалар мен жасөспірімдер қылмысының және суицид жағдайларын болдырмау мақсатында тәрбие жұмысын күшейтеді.

    Білім беру процесі мен білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру барысында тәрбие жұмысын жоспарлайды , іске асырудың жаңа тәсілдерін қолданады.


Іске асыру мерзімі

 2021-2025 жылдар


Бағдарламаны іске асыру нысаны: «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогикалық процесі.

Бағдарламаның жоспары 6 бөлімнен тұрады:

1.  Ұйымдастырушы – басқарушылық қызмет

2.  Материалдық –  техникалық базаны нығайту

3.  Әдістемелік жұмыс жүйесін және білім беру қызметінің сапасын дамыту

4.  Жаңа формация ұстаздарын қалыптастыру 

5.Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және жас ұрпақты – өз елінің азаматы      мен патриоты тұрғысында тәрбиелеу

6.  Мектептің педагогикалық үрдісіне мониторинг жүргізу және нәтижелерді диагностикалау.


1.  Ұйымдастырушы – басқарушылық қызмет.


Ісшаралар

Орындаушылар 

Мерзімі 

1

Педагогикалық кеңесте қаралады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Г.Смагулова

А.Тохтиев

2021ж.



2

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру және  іске асыру жөнінде шаралар жоспарын жасау.


Әкімшілік 


2021 ж.

3

Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуін, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру.

Ж.Мухалиева

2021-2025жж.

4

Мұғалімдердің Қазақстан республикасының әрекеттегі заңына сәйкес кәсіби біліктілік санатын тағайындауға байланысты педагогтардың аттестаттаудан өтуіне жағдай жасау.

Ж.Мухалиева Әкімшілік


2021-2025жж.

5

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету,  бастауыш мектеп жасындағы оқушының білім, дағды, іскерлік дәрежесін қадағалау

Әкімшілік

2021-2025жж.


6

Орта білім беру сапасын арттыру: PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды қатыстыру

Әкімшілік

2021-2025жж.


7

Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету

Әкімшілік

2021-2025жж.


8

 Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту

Әкімшілік 

2021-2025жж.

9

 «Оқыту мен тәрбиелеуді, саралау мен дараландыру құралы ретінде бейіндік оқыту », нәтижеге бағытталған білім беру.

Әкімшілік

2021-2025жж.

10

Мектептің бейіндік бағытын анықтау жөнінде зерттеулер жүргізу.

 әкімшілік  бір.жетекшілер

психологтар

2021-2025жж.

11

Педагогикалық кеңес жанындағы кеңестік және алқалық орган ретінде ӘК және мектеп кеңесінің жұмысын жалғастыру.

Мектеп директоры

2021-2025жж..

12

Оқу жылындағы оқу және тәрбие жұмысына салыстырмалы талдау жасай отырып, сәтсіздіктер себебін анықтау, түзету, жетістікке жету жолдарын қарастыру.Мектептегі білім беру жағдайын талдау және мониторингтеу

Әкімшілік

2021-2025жж..

13 

Мұғалімдерді қажетті әдістемелік және анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында     мектепте білім беруде инновациялық үлгілерді әзірлеп енгізу және жаңашылдық үдерістерді қолдау.

Г.Смагулова     әдістемелік бір.жетекшілер


2021-2025жж.

14

«Көп тілді тұлғаны қалыптастыру –бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі» үштілді білім беру жағдайында әлеуметтік мәдени және коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыру

А.Тохтиев Г.Смагулова     

2021-2025жж.

15

Педагогикалық үдерістің жүзеге асырылуына қолайлы психологиялық-педагогикалық ортаның болуы, жоспарланған күтілетін нәтиже мен жеткен нәтиженің сәйкестігін салыстыру.

Әкімшілік

2021-2025жж.

16

Бейіналды оқытылатын сыныптар ашуды жалғастыру

Әкімшілік

2021-2025жж.

17

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы органдар жүйелерінің деректер базасын интеграциялау. Тегін тамақпен қамту және медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру 

Әкімшілік 

мектеп  мед.бике

2021-2025жж

18

"Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру

 әкімшілік

2021-2025 жылдардың желтоқсаны

19

" Үздік жыл сынып жетекшісі», «Жыл мұғалімі» конкурсын өткізу

 Сынып жетекшілер, пән мұғалімдері

2021 -2025 жылдар
 
 

20

Оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, қосымша білім беру бағыттарын кеңейту

 Сынып жетекшілер

2021-2025 жылдар


2.  Материалдық –   техникалық базаны қалыптастыру және

нығайту.

Іс–шаралар

Жауаптылар 

Мерзімі 

1

Мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Әкімшілік  Е.Конкабаев

Жыл сайын 

2

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту

Әкімшілік

2021-2025 жылдар

3

Интерактивтік жабдықтарды толықтыру.

Әкімшілік

2021-2025 жылдар.

4

Компьютерлік сыныптарды көбейту. Интернет желісіне қосуды жалғастыру, оқу шеберханаларын алу

Әкімшілік

2021-2025 жылдар.

5

Физика,химия кабинеттеріндегі зертханалық жабдықтардың оқу үрдісінде тиімді қолданылуын бақылау, жаңа жабдықтармен толықтыру.

Әкімшілік

2021-2025 жылдар.

6

Коррекциялық сыныптардың материялдық базасын жетілдіруді жалғастыру.

Әкімшілік М.Сонарова А.Ноянқызы

С.Есенбекова

2021-2025 жылдар.

7

Оқулықтармен, әдістемелік кешендермен, электрондық оқулықтармен, көрнекті құралдармен қамтамасыз етуді жалғастыру.

Әкімшілік  А.Хизирова

2021-2025 жылдар.

8

Мектеп асхананың материалдық базасын жаңарту, жетілдіріп отыру.

Әкімшілік

2021-2025 жылдар.


3.  Әдістемелік жұмыс жүйесін және білім беру қызметінің

сапасын арттыру


Ісшаралар

Жауаптылар

Мерзімі

1

Бейіндік оқыту бағыттары бойынша элективтік курстар мен белсенді –қозғалмалы жеке және топтық сабақтардың бағдарламаларын жасау және толықтыру.

Г.Смагулова  әдістемелік бір.жетекшілер

2021-2025 жылдар.

2

Педагогикалық идеялар жәрменкесін ұйымдастыру

Г.Смагулова

2021-2025 жылдар.

3

4,9,11 сыныптардағы білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу , 9,11 сыныптарда қорытынды аттестаттау нәтижелерінің мониторингін жасауды жетілдіру.

А.Тохтиев Г.Смагулова  

2021-2025 жылдар.

4

Білім беру үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жұмысын жалғастыру.

А.Тохтиев Г.Смагулова     

2021-2025 жылдар.

5

Жарты жылдықтар бойынша – оқушылардың үлгеріммен білім сапасын, ТЖБ қорытындысын диагностикалау бойынша жұмысты жалғастыру.

А.Тохтиев Г.Смагулова     

2021-2025 жылдар.

6

Оқушыларды пәндік олимпиадаларға, интеллектуалдық ойындарға және т.б. қатыстыруға бағытталған жұмысты жалғастыру.

А.Тохтиев 

2021-2025 жылдар.

7

Оқушыладың қызығушылықтары мен құзіреттіліктерін дамыту үшін инклюзивтік білім беру мен билингвальды оқыту технологиясы бойынша жұмысты жалғастыру.

А.Тохтиев 

2021-2025 жылдар.

8

Әдістемелік қызмет құрылымын жетілдіру. Тәлімгерлік қызметтің жобасын нақтылап, іске асыруды жалғастыру.

Г.Смагулова  әдістемелік бір.жетекшілер

2021-2025 жылдар.

9

Үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша жұмыстың нақты жоспарын жасап, жалғастыру.

А.Тохтиев Г.Смагулова     

2021-2025 жылдар.

10

Мұғалімдерді қажет әдістемелік және анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында инновациялық технологиялар, жаңа әдістемелер банкін құру бойынша жұмысты жалғастыру.

А.Тохтиев Г.Смагулова     әдістемелік бір.жетекшілер

2021-2025 жылдар.

11

Мектептің мұғалімдер, оқушылар, ата– аналар ұжымына ағылшын тілдерін еркін меңгеру бойынша өз білімін жетілдіру бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, курстар ұйымдастыру


ағылшын тілі пән бірл. жетекшісі

2021-2025 жылдар.

12

Мектептің электрондық мәлімет қорын жасақтауды жалғастыру, элекрондық журналдың тиімділігін арттыру.

Л.Искендирова      сынып жетекшілер

2021-2025 жылдар.

13

Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқыту мен тәрбиелеудегі жаңартылған білім беру аясында оқушылардың білімін арттыру, оларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету.

А.Тохтиев Г.Смагулова     М.Сонарова А.Ноянқызы

2021-2025 жылдар.

14

Білім беру және тәрбиелеу қызметін әлеуметтік және психологиялық сүйемелдеу.

Ж.Мухалиева М.Сонарова А.Ноянқызы

2021-2025 жылдар.

15

Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер туралы мектептің Ережесін басшылыққа алу

Г.Смагулова  

2021-2025 жылдар.


4.  Жаңа формация ұстаздарын қалыптастыру


Ісшаралар

Жауаптылар

Мерзімі

1

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, шығармашылық құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты жүйелі жалғастыру.


 Г.Смагулова  әдістемелік бір.жетекшілер

2021-2025 жылдар.

2

Мұғалімдердің кәсіби білімі мен әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру мақсатында компьютерлік қызметінің жұмысын жетілдіріп , жалғастыру.


әкімшілік

2021-2025 жылдар.

3

Ағылшын тілі үйрену бойынша компютерлік қызмет ұйымдастыру 


 ағылшын тілі мұғалімдері

2021-2025 жылдар.

4

«Білім беру жүйесінде     сапалы білім беру» тақырыбында мектепшілік ғылыми– практикалық конференциясын өткізу. Мектепшілік,аймақтық конференцияларды, педагогикалық жәрменкелерді, мұғалімдердің олимпиадаларын,білім фестивальдарын, ғылым күндерін өткізудің нақты жоспарын жасап, іске асыру. 

әкімшілік

2021-2025 жылдар.


"Жас маман" бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың зерттеу және академиялық қызметін жүзеге асыру үшін жарыстар ұйымдастыру



2021-2025 жылдар.

5

«Үздік...»

Оқу кабинеті 

Әдістемелік бірлестік 

Әдістемелік бірлестік жетекшісі

Ақпараттық мұғалім

Компьютер

Ғылыми жоба

Шығармашылық жоба 

Баяндама

« Жыл мұғалімі »      

Сынып жетекшісі 

Кабинет меңгерушісі байқауларын өткізу арқылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қолдау көрсету


әкімшілік

2021-2025 жылдар.







5.  Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және жас ұрпақты – өз елінің азаматы  мен патриоты тұрғысында тәрбиелеу


Ісшаралар

Жауаптылар

Мерзімі 


1

«ҚР тәрбиенің кешенді бағдарламасын» орындау бойынша іс–шаралар жоспарын жасап , жүзеге асыру 

С.Иманғазы

Н.Бокашева

Б.Самиев

2021-2025 жылдар.

2

Оқушы тұлғасын жалпы мәдениетін қалыптастыру бойынша психологиялық жұмысты жетілдіру Мектептердегі зорлық-зомбылықтың профилактикасын және оған ден қою, сондай-ақ өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламаны   іске асыру


Мектеп психолгтары

М.Сонарова

А.Ноянқызы

2021-2025 жылдар.

3

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру үшін бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарту

Әлеуметтік педагог

А.Абдрасилова

2021-2025 жылдар.

4

Ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету бойынша баланы қабылдаушы ата-аналар мектептерін дамыту

әкімшілік

2021-2025 жылдар.

5

Қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, "тәуекел тобындағы" балаларға, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған жазғы лагерьлердің тақырыптық ауысымын ұйымдастыру

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

6

Туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

7

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының тәрбиенушілері мен оқушылары үшін жайлы жағдай жасау, оның ішінде бейне бақылау жүйелерімен, жеке шкафтармен жарақтандыру, сондай-ақ сапалы тасымалдаумен, ауыз сумен қамтамасыз ету және санитариялық және гигиеналық жағдай жасау

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.




2021-2025 жылдар.

8

Тоқсандық бойыша тәрбиелеу үрдісі диагностикасы бойынша жұмысты жалғастыру. Сыныптардың, оқушылардың, отбасылардың жылдық оқу – тәрбие жетістіктерінің мониторингісін жасап, рейтингтерін анықтау. 

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

9

Қала сыртындағы балалар лагерьлерінің желісін дамыту

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

10

Тамақтану қызметін көрсету сапасын жақсарту және бракераждық комиссиялардың жұмысын күшейту

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

11

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру мәселелері бойынша коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

12

Балаларды олардың тәрбиесіне және рухани дамуына зиян келтіретін ақпарат пен материалдардан қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

13

ПМПК және ППТК желісін кеңейту

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

14

Білім алушыларды "Жас қыран"
 (1-4 сыныптар), "Жас Ұлан" (5-10 сыныптар),
 "Жас Сарбаз" (колледж) ұйымдастырылған қоғамдық қызметіне тарту

Педагог-ұйымдастырушы

2021-2025 жылдар.

15

Орта және ТжКБ ұйымдарында "Жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын және қауіпсіз мінез-құлқын қорғау", "Аналар мектебі", "Әкелер мектебі" жобаларын, "Менің болашақ отбасым" тақырыбында өңірлік эссе конкурстарын енгізу

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

16

ТжКБ ұйымдарында "Zhastar kz" жобасын іске асыру

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

17

Орта және ТжКБ ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" жобасын іске асыру арқылы мектептің, колледждің және ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматын енгізу

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

18

Білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық клубтардың рөлін күшейту

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

19

Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерін, оның ішінде ұлттық спорт лигаларын дамыту

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

20

Орта білім беру ұйымдары оқушыларының экологиялық тәрбиесі, қоршаған ортаға ұқыпты қарауы, қаржылық және кәсіпкерлік дағдыларын дарыту жөнінде шаралар кешенін қабылдау

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

21

Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен "Мектеп өмірінің бір күні" жобасын іске асыру

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

22

Оқушылардың кәсіби өзін – өзі тануына және кәсітік білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау мақсатында аудандағы УПК, колледждер, ЖОО–мен сабақтастық жұмыстарын жалғастыру.

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

23

Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, оларға салауатты өмір салтын бойларына сіңірге бағытталған мектептің жұмысының нақты жоспарын қайта қарау, жалғастыру.


Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

24

Отбасының беделін, қоғамдағы рөлін арттыру, ата–аналарға бала тәрбиесінде педагогикалық–психологиялық кеңестер беру мақсатында ата–аналар клубтарын құрып, нақты жоспарын жасап, іске асыру.

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

25

Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез–құлықтың алдын–алу мақсатында әлеуметтік–психологиялық  қызметтің жұмысын нақты жоспарлап жұмыстану.

Б.Самиев 

мектеп психологтары

2021-2025 жылдар.

26

Түрлі бағыттар, тақырыптар бойынша оқушылардың, ата–аналардың дебаттық турнирлерін дайындау және өткізу:

  • Салауатты өмір салты;
  • Қоғамдағы жастар;
  • Құқық бұзушылық;
  • Отбасы тәрбиесі;
  • Ата–ана мен бала;
  • Қазіргі таңдағы білім беру, т.б.

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

27

Оқушылардың бойында мәдениет, өнер, ғылым, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту мақсатында ғылыми немесе шығармашылық жобалар байқауларын өткізу.

Мектеп әкімшілігі 




2021-2025 жылдар.

27

Тұлғаны, оның мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын және қажеттіліктерін ескере отырып, дамыту мақсатында клубтар құрып, оның нақты жоспарын жасап, іске асыру.

Мектеп әкімшілігі

2021-2025 жылдар.

28

МДТ – орта білім – орта білімнен кейінгі білімнің сабақтастығына мониторинг жасап отыру.

әкімшілік

2021-2025 жылдар.

29

Қоғамдағы жаңа экономикалық жағдайларға оқушылардың бейімделуі мен оларды әлеуметтендіру бойынша әлеуметтік–психологиялық  қызмет жұмысын жалғастыру.

Мектеп психологтары

2021-2025 жылдар.


6.  Мектептің педагогикалық үрдісіне мониторинг жүргізу және нәтижелерді диагностикалау.


Диагностика

атауы

Қысқаша мазмұны

Ақпараттық материал

1. Мұғалім қызметіндегі қиындықтарды танып білуде бағдарлама–сауалнама

1.Педагогикалық қызметтік түр мен тәсілдер. Жоспарлау. Оқулық пен бағдарлама мазмұны. Оқыту, тәрбиелеу, оқушының ақыл–ойын дамыту т.б бойынша:сабақтағы дәстүрлі емес жұмыстар, оқушылардың білім–білік дағдысын бағалау мен есептеу, әдеттегі қателерді анықтау және оқытудағы қиындықтар, оқу үрдісінде оқушыға жекелей тоқталу, жұмыстың нәтижелігін бағалау.

Әдістемелік кеңестің талдауына. Әдістеме бірлестік және технологиялар 

кафедралары 

меңгерушілері

әдістемелік жинақ әзірлеу.

2.Мұғалімнің жеке кәсіби, әдістемелік қызмет жұмысын бағалау

1. Кәсіби білім мен біліктілік.

2. Қызметтегі жеке шығармашылық жұмыс түрі мен нәтижеге қол жеткізуі, өзінің және оқушыларының жетістіктері 

3. Оқу үрдісіндегі педагогикалық ынтымақтастық

4.Педагогикалық қатынастағы стиль

Мұғалімдердің профессиограммасын құру

3.Оқушының оқу–тәрбие қызметінің диагнотикасы 

Оқу–тәрбие дәрежесі:

1. Оқу–тану қызығушылығы

2. Жетістігі 

3.Оқу үлгерімі 

4.Тәрбие деңгейі

5. Оқу–тәрбие үрдісіне қатысу әрекеті

Оқушылардың, сыныптардың оқу–тәрбие деңгейінің рейтингісін жасау, мектепшілік бақылаудың әдістемелік жинағын әзірлеу

4.Мектептің оқу–тәрбие үрдісіндегі  ата–аналардың орны 


1.отбасының әлеуметтік жағдайы мен психологиялық ахуал деңгейі

2. Ата–аналардың шығармашылық әлеуеттілігі

3. Мектептің оқу–тәрбие үрдісі мен шығармашылық және эксперименттік жұмыстарына қатысуы


Отбасылардың әлеуметтік құжатын құру


Бағдарламаны іске асыру кезеңдері:

1-кезең (2021-2022жж) –нормативтік – құқықтық құжаттармен танысу, мектептің жекеленген бағыттары бойынша нақты жұмыс модельдерін әзірлеу, талдау, зерттеу, іздену–теориялық–практикалық дайындық кезеңі.

2-кезең (2021-2025жж)– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы    №726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын, мектепті дамыту бағдарламасының жоспарын жүзеге асыру, яғни іске асыру – тәжірибе – қорытындылау кезеңі.      

 Бұл кезеңде жалпы орта білім беретін «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқару жүйесінің тұжырымдық, құрылымдық – қызметтік үлгілері іске асып, бағдарламаның болжамы тексеріліп, нақтыланады, қорытынды жүргізіледі. Мектепті басқарудың авторлық бағдарламасының тиімділігі мен кемшілік тұстары зерттеліп, оны бағалау белгілері мен әдістемесі әзірленеді. Бағдарлама нәтижелерін жалпылап, нұсқаулар дайындалады, әдістемелік жинақ шығарылады.

III.  Қорытынды.

      Мектептің дамуын тиімді басқару арқылы, яғни жаңашылдықты меңгеру және педагогикалық үрдіске енгізу бойынша іздену, дәлелденген шешімдерді жүзеге асыру, педагогикалық үрдісті сапалық өзгертулерге жеткізу нәтижесінде – мектеп оқыту мен тәрбиелеу қызметінде жоғары нәтижеге ие болары белгілі.

Мектептің нақты  даму бағыттарын айқындау – мектеп дамуына қажетті өзгерістерді қолдау, көтермелеу, оң өзгерістерге түрткі болу және теріс өзгерістерді болдырмаудың алдын-алу мен қолайсыз нәтиже беруі мүмкін үрдістерді түзетіп отыруда екені белгілі.Ал осы міндеттер барлық білім беру үрдісіне қатысушылар үшін маңызы бар білім нәтижелеріне жетуге бағытталған инновацмялық әрекеттерді дамыту немесе білім берудің күтілетін нәтижелерінде белгіленген мақсатқа жұмыстану.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын, мектепті дамыту бағдарламасының жоспарын жүзеге асыру барысында,  барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру міндеттерін табысты шешеміз деп сенеміз.

Мектеп директорының міндетін атқарушы                                     Г.Смагулова

   «КЕЛІСЕМІН»                                                             «БЕКІТЕМІН»                                                               Аудандық білім бөлімінің                                              Мектеп директоры                                                  

басшысы                                                                           -------------------------

---------------------------                                                      Ж.Мухалиева    

Б.Аманова                                                                         



«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп –Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асырудың 2021-2022 оқу жылындағы жоспары


Іс – шараның мазмұны

Мерзімі  

Жауапты 

1

Педагогикалық кеңесте қаралады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы

2021ж 

Мектеп директоры

Ж.Мухалиева

2

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөнінде шаралар жоспарын жасау.

Мектепті басқарудың даму бағдарламасын талқылау және бекіту.

2021 ж

Мектеп директоры

Ж.Мухалиева

3

Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
 
Мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуін, біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру.

2021ж

Г.Смагулова

әкімшілік

4

Мұғалімдердің Қазақстан республикасының әрекеттегі заңына сәйкес кәсіби біліктілік санатын тағайындауға байланысты педагогтардың аттестаттаудан өтуіне жағдай жасау.

2021ж

Ж.Мухалиева

әкімшілік

5

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету бастауыш мектеп жасындағы оқушының білім, дағды, іскерлік дәрежесін қадағалау

2021ж

Ж.Мухалиева

әкімшілік

6

Орта білім беру сапасын арттыру: PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды қатыстыру

2021ж

Ж.Мухалиева

әкімшілік

7

Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету

2021ж

әкімшілік

8

 Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту

2021ж

әкімшілік

9

Білім беру жүйесінде бейіналды дайындық,  бейіндік оқытуға көшуге ықпал ететін білім беру үрдісін ұйымдастыру мақсатында « Оқыту мен тәрбиелеуді, саралау мен дараландыру құралы ретінде бейіндік оқыту », нәтижеге бағытталған білім беру. Мектептің бейіндік бағытын анықтау жөнінде зерттеулер жүргізу

2021ж

әкімшілік

10

Мектептің бейіндік бағытын анықтау жөнінде зерттеулер жүргізу.

2021ж

Психологтар

А.Ноянқызы

М.Сонарова

11

Педагогикалық кеңес жанындағы кеңестік және әдістемелік кеңесінің жұмысын жалғастыру.

2021ж

Г.Смагулова

12

Оқу жылындағы оқу және тәрбие жұмысына салыстырмалы талдау жасай отырып, сәтсіздіктер себебін анықтау, түзету, жетістікке жету жолдарын қарастыру.Мектептегі білім беру жағдайын талдау және мониторингтеу

2021ж

әкімшілік

13 

Мұғалімдерді қажетті әдістемелік және анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында     мектепте білім беруде инновациялық үлгілерді әзірлеп енгізу және жаңашылдық үдерістерді қолдау.

2021ж

әкімшілік

14

«Көп тілді тұлғаны қалыптастыру –бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі» үштілді білім беру жағдайында әлеуметтік мәдени және коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыру

2021ж

әкімшілік

15

Педагогикалық үдерістің жүзеге асырылуына қолайлы психологиялық-педагогикалық ортаның болуы, жоспарланған күтілетін нәтиже мен жеткен нәтиженің сәйкестігін салыстыру.

2021ж

Психологтар

А.Ноянқызы

М.Сонарова

16

Бейіналды оқытылатын сыныптар ашуды жалғастыру

2021ж

әкімшілік

17

МДТ, бастауыш мектеп жасындағы оқушының білім, дағды, іскерлік дәрежесін қадағалау

2021ж


18

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы органдар жүйелерінің деректер базасын интеграциялау. 

2021ж

Әкімшілік


19

Тегін тамақпен қамту және медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру

2021ж

Әкімшілік

медбике

20

"Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру

2021ж

Р.Жумабекова

А.Асылбеков

21

Оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, қосымша білім беру бағыттарын кеңейту

2021ж

Әкімшілік


22

Балалардың "Қоғамға қызмет" әлеуметтік еріктілер жобасын іске асыру

2021ж

Әкімшілік


23

" Үздік жыл сынып жетекшісі», «Жыл мұғалімі» конкурсын өткізу

2021ж

әкімшілік

24

Білімдегі олқылықтарды жою «Каникулдық мектеп» ұйымдастыру

2021ж

әкімшілік

25

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты күшейту шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы қайта қаралады және жазғы айларда мектепалды даярлық күшейтілетін болады. Жазғы айларда мектепалды даярлық мазмұнында сауатты және математикаға оқыту қарастырылады.

2021-2022жж

әкімшілік

26

5,6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

2021ж

әкімшілік

27

Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету

Жыл бойы

әкімшілік

28

Мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

2021ж

Е.Конкабаев

29

Интерактивтік жабдықтарды толықтыру.

2021ж


30

Компьютерлік сыныптарды көбейту. Интернет желісіне қосуды жалғастыру, оқу шеберханаларын алу

2021ж

әкімшілік

31

Физика,химия кабинеттеріндегі зертханалық жабдықтардың оқу үрдісінде тиімді қолданылуын бақылау, жаңа жабдықтармен толықтыру.

2021ж

әкімшілік

32

Коррекциялық сыныптардың материялдық базасын жетілдіруді жалғастыру.

2021ж

әкімшілік

32

Оқулықтармен, әдістемелік кешендермен, электрондық оқулықтармен, көрнекті құралдармен қамтамасыз етуді жалғастыру.

2021ж

А.Хизирова

33

Мектеп асхананың материалдық базасын жаңарту, жетілдіріп отыру.

2021ж

асханашы

34

«Қазақстан Республикасының тәрбиенің кешенді бағдарламасын» орындау бойынша іс–шаралар жоспарын жасап ,жүзеге асыру 

2021ж

С.Иманғазы

35


Оқушы тұлғасын жалпы мәдениетін қалыптастыру бойынша психологиялық жұмысты жетілдіру Мектептердегі зорлық-зомбылықтың профилактикасын және оған ден қою, сондай-ақ өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламаны   іске асыру


2021ж

Әкімшілік

А.Ноянқызы

М.Сонарова

36

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру үшін бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарту

2021ж

А.Абдрасилова

37

Ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету бойынша баланы қабылдаушы ата-аналар мектептерін дамыту

2021ж

А.Абдрасилова

37

Қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, "Тәуекел тобындағы" балаларға, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған жазғы лагерьлердің тақырыптық ауысымын ұйымдастыру

2021ж

Н.Бокашева
 А.Абдрасилова

38

Туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу

2021ж

А.Абдрасилова

39

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының тәрбиенушілері мен оқушылары үшін жайлы жағдай жасау, оның ішінде бейнебақылау жүйелерімен және санитариялық және гигиеналық жағдай жасау

2021ж

әкімшілік

40

Тоқсандық бойыша тәрбиелеу үрдісі диагностикасы бойынша жұмысты жалғастыру. 

2021ж

әкімшілік

41

Сыныптардың, оқушылардың, отбасылардың жылдық оқу – тәрбие жетістіктерінің мониторингісін жасап, рейтингтерін анықтау.

2021ж

әкімшілік

42

Қала сыртындағы балалар лагерьлерінің желісін дамыту, оның ішінде МЖӘ есебінен дамыту

2021ж

әкімшілік

43

Тамақтану қызметін көрсету сапасын жақсарту және бракераждық комиссиялардың жұмысын күшейту

2021ж

Н.Бокашева

44

Балаларды олардың тәрбиесіне және рухани дамуына зиян келтіретін ақпарат пен материалдардан қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу

2021ж

әкімшілік

45

Білім алушыларды "Жас қыран"
 (1-4 сыныптар), "Жас Ұлан" (5-10 сыныптар),
 "Жас Сарбаз" ұйымдастырылған қоғамдық қызметіне тарту

2021ж

әкімшілік

Б.Самиев

М.Садиров

46

Орта және ТжКБ ұйымдарында "Жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын және қауіпсіз мінез-құлқын қорғау", "Аналар мектебі", "Әкелер мектебі" жобаларын, "Менің болашақ отбасым" тақырыбында өңірлік эссе конкурстарын енгізу

2021ж

Бірлестік жетекшісі

47

Білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық клубтардың рөлін күшейту

2021-2022ж

М.Садиров

48

Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерін, оның ішінде ұлттық спорт лигаларын дамыту

Жыл бойы

А.Надырбеков және сынып жетекшілері

49

Орта білім беру ұйымдары оқушыларының экологиялық тәрбиесі, қоршаған ортаға ұқыпты қарауы, қаржылық және кәсіпкерлік дағдыларын дарыту жөнінде шаралар кешенін қабылдау

Жыл бойы

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілері

50

Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен "Мектеп өмірінің бір күні" жобасын іске асыру

Жыл бойы

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілері

51

Оқушылардың кәсіби өзін – өзі тануына және кәсітік білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау мақсатында аудандағы УПК, коледждер, ЖОО–мен сабақтастық жұмыстарын жалғастыру.

Жыл бойы

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілері

52

Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, оларға салауатты өмір салтын бойларына сіңірге бағытталған мектептің жұмысының нақты жоспарын қайта қарау, жалғастыру.

Жыл бойы

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілері

   53

Отбасының беделін, қоғамдағы рөлін арттыру, ата–аналарға бала тәрбиесінде педагогикалық–психологиялық кеңестер беру мақсатында ата–аналар клубтарын құрып, нақты жоспарын жасап, іске асыру.

Жыл бойы

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілері

54

Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез–құлықтың алдын–алу мақсатында әлеуметтік–психологиялық  қызметтің жұмысын нақты жоспарлап жұмыстану.

Жыл бойы

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілері

55

Түрлі бағыттар, тақырыптар бойынша оқушылардың, ата–аналардың дебаттық турнирлерін дайындау және өткізу:

  • Салауатты өмір салты;
  • Қоғамдағы жастар;
  • Құқық бұзушылық;
  • Отбасы тәрбиесі;
  • Ата–ана мен бала;
  • Қазіргі таңдағы білім беру, т.б.

Жыл бойы

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілері

56

Оқушылардың бойында мәдениет, өнер, ғылым, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту мақсатында ғылыми немесе шығармашылық жобалар байқауларын өткізу.

Жыл бойы

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілері

57

МДТ – орта білім – орта білімнен кейінгі білімнің сабақтастығына мониторинг жасап отыру.



58

Қоғамдағы жаңа экономикалық жағдайларға оқушылардың бейімделуі мен оларды әлеуметтендіру бойынша әлеуметтік–психологиялық  қызмет жұмысын жалғастыру.










Жалпы орта білім беретін «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің ағымдағы білім беру жүйесін талдау.

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014 жылы ашылды. Мектепте 586 оқушы білім алып, тәрбиеленуде және 74  педагог кадрлар қызметін атқаруда. Мектепте 1 химия   кабинеті, 1 физика кабинеті толық жабдықталған.

    Білім сапасын артыру – мектепп ұжымының  басты міндеті. Мектебімізде мақсатты түрде нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізілуде. Оқушылардың шығармашылық, эстетикалық қабілеттері мен денсаулығын шыңдау бағытында қосымша сабақтан тыс сабақтары ұйымдастырылады. Интеллеллектуалдық ойындар, сайыстар, ғылыми жоба жарыстарының, ОЖСБ қорытындылары жылдан жылға артуда. Мектептің жетістіктері ұжым мүшелерінің ізденіспен жұмыс істеуінің нәтижесі.

Мектеп ұжымының болашақта нәтижелі қызмет ету үшін төмендегі жағдайлар ескерілуі қажет:

1.Мектептегі барлық әдістеме бірлестіктері бойынша әр пән мұғалімі оқыту мен тәрбиелеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін күнделікті нақты сабақта қолданып, педагогикалық, ақпараттық технологияны меңгерулері тиіс;

2. Тарих-қазақ әдебиеті, химия-биология, биология-география, қазақ тілі, орыс тілі: ағылшын тілі, информатика пәнімен кіріктіре оқытуды енгізу қажеттілігі бар. Бұған мектептің материалдық – техникалық базасы (мультемедиалық кабинет, интерактивтік тақта) жабдықталуда; мультемедиалық кабинет және лингафондық кабинеттердің қажеттілігі бар.

3. Жаһандық курстар, элективті курстар, экология, өлкетану, логика негіздері курстарында зерттеушілік іс-әрекетке баулуды енгізу, әр қилы білім берудің жаңа мазмұнын игеруді қамтамасыз ету;

4. Қабілеті жоғары және дарынды оқушыларды шығармашылық ізденушілікке баулу мақсатында әр пән мұғалімнің дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізуі іске асырылуы қажет. Бұл жұмысты бастауыш сыныптан бастау қажет.





Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, Достық ауылы Тохтар Аубакиров көшесі, 109А

©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп - Лавар бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru