17
сентябрь
2025
"ЖАСӨСПІРІМ" ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ
Құрметті Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары мен қонақтары ағымдағы жылдың қыркүйек айының 17-19 күндері аралығында Алматы облысы ПД нұсқауына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында "Жасөспірім" атты жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында Еңбекшіқазақ АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналдық полиция тобының бастамасымен түнгі рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру барысында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Жастар ресурстық орталығының мамандары, білім бөлімі сондай-ақ Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының қызметкерлері жұмылдырылады. Аталған іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелері, яғни компьютерлік клубтар, мейрамханалар және жертөлелер, көп қабатты үйлердің аулалары, саябақтар тексерілді.