11
декабрь
2024
"ӨНЕРІМДІ ЕЛІМЕ БАҒЫШТАЙМЫН"
Мектебімізде «Өнерімді еліме бағыштаймын» атты ақындармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: Оқушыларды ақындардың шығармашылықтарымен таныстыру, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Кеш қонақтары:
1. Бердібаев Анарбек Мөкішұлы-"Еңбекшіқазақ" газетінің тілшісі, қаламгер, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
2. Тохтияров Иминжан Исмайылұлы- ұйғыр ұлтының поэзиясына өзіндік өрнек салған танымал ақын.
3. Авут Масимов-ұйғыр ақыны, прозашы, драматург, тәуелсіз "Илхам" сыйлығының лауреаты.
Шығармашылық кеште өлең оқылып, ән шырқалды, оқырмандар мен ақын арасында тәуелсіз Қазақстандағы ең басты құндылық – елдің татулығы мен бірлігі екендігі аясында әңгіме-сұхбат өрбіді.