ОҚУ-ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС » Страница 7 » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"АСЫҚ АТУ" ЧЕЛЛЕНДЖІ
17
ноябрь
2023
"АСЫҚ АТУ" ЧЕЛЛЕНДЖІ
 17.11.2023 ж сағат 9:00-де «Асық ату ойыны» челенджі ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
"ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ. ОНЫ ҚОЛДАНУ САЛДАРЫ"
16
ноябрь
2023
"ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ. ОНЫ ҚОЛДАНУ САЛДАРЫ"
2023 жылдың 16 қарашасында «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп" КММ 9-11 сынып оқушыларына «Жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу. Синтетикалық препараттар және оларды қолданудың салдары» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.  
"АЛТЫН КҮЗ-2023"
10
ноябрь
2023
"АЛТЫН КҮЗ-2023"
Ағымдағы жылдың 10 -қараша күні «Алтын күз»   мектепішілік  іс- шара өтті. Бұл іс-шара оқушыларға күз кереметтерін көрсету, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. инста парақшадан көру үшін басыңыз
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
08
ноябрь
2023
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
 8-17 қараша аралығында "Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" аясында "Мағыналы" номинациясын иеленді
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
08
ноябрь
2023
"ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ"
8-17 қараша аралығында "Қатыгездік пен зорлық- зомбылықсыз балалық шақ науқаны" аясында 6ә сыныбының видеосы "Үздік" номинациясын иеленді.  
"КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ"
02
ноябрь
2023
"КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ"
Күзгі демалыс күндері ұйымдастырылған "Бәріміз кітап оқимыз" атты оқуға құштар мектеп марафоны  инста парақшадан көру үшін басыңыз
ЖАЛПЫ АТА-АНА ЖИНАЛЫСЫ
02
ноябрь
2023
ЖАЛПЫ АТА-АНА ЖИНАЛЫСЫ
"Отбасы-бақыт мекені" атты жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.  инста парақшадан көру үшін басыңыз
"111" БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ
01
ноябрь
2023
"111" БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Мемлекет басшысының еліміздегі отбасыларға көмек көрсетуді тиімді ұйымдастыру, балалардың құқықтарын бұзудың алдын алу және зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығын – сенім телефоны іске қосылғанын хабарлайды. Бұл байланыс орталығы азаматтарға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық көмек
"МЕКТЕП"
26
октябрь
2023
"МЕКТЕП"
2023 жылдың 26 қазан айынан бастап 2 қараша айының аралығында "Мектеп" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы аудан аумағында өтіп жатқандығы туралы хабарлаймыз. Іс-шараның басты мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың жолын кесу болып табылады.  
"РЕСПУБЛИКА КҮНІ"
25
октябрь
2023
"РЕСПУБЛИКА КҮНІ"
25 қазан Республика күні — ұлттық мереке. Бұл күнді барша қазақ халқы аңсап, армандаған. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің шешімімен Қазақстан Егемендігі туралы декларация қабылданды. Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын бастады. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан жеке мемлекет болып таныла бастады.
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН"
24
октябрь
2023
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН"
24 қазан «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп-Лавар бастауыш мектебімен»КММде Республика күніне орай Қаратұрық ауылдық окург мектептерінің арасында «Менің Отаным – Қазақстан!» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру және достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
"ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР" БАЙҚАУЫ
23
октябрь
2023
"ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР" БАЙҚАУЫ
5«А» сынып оқушысы Мағжанқызы Инайа аудандық патриоттық әндер байқауында жүлделі 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз💐
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
23
октябрь
2023
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және салану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізілді. 23.10.2023 жылы “Мектеп президентін сайлау” өткізілді. Сайлау нәтижесінде 10 “А” сынып оқушысы Рахым Алдияр мектеп президенті болып сайланды. Құттықтаймыз! 💐  
"МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ" ГИМН АЙТУ ЧЕЛЛЕНДЖІ
20
октябрь
2023
"МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ" ГИМН АЙТУ ЧЕЛЛЕНДЖІ
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп" КММ Патриотизм мен азаматтық, мемлекеттік рәміздеріне деген сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында мектеп ұстаздарымен бірге білім алушылардың "Гимн айту" челленджі ұйымдастырылды.    инста парақшадан толық видеоны көре аласыз
"ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ"
19
октябрь
2023
"ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ"
А.Бертаева атындағы орта мектепте 19.10.2023ж. күні ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі, зиянды заттардың әсері жайлы айтылды  
"ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ"
19
октябрь
2023
"ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ"
"Зиянды заттардың адам ағзасына әсері" тақырыбында "Сырғалым" қыздар клубының жиналысы өткізілді. Мақсаты: а) Зиянды заттардың адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы түсінік беру. ә) Өз ойларын, көзқарастарын айта білуге үйрету. б) Зиянды әдеттерден аулақ жүруге, олардың қандай зиян екеніне тәрбиелеу.  
"КҮЗ СЫЙЫ-2023"
19
октябрь
2023
"КҮЗ СЫЙЫ-2023"
 бастауыш сынып бірлестігі алтын күзге арналған "Күз сыйы" атты көрме ұйымдастырды. Мақсаты: балаларға эстетикалық тәрбие беру, балалардың шығармашылығын дамыту.