ОҚУ-ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫС » Страница 6 » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА КЕРІ ӘСЕРІ"
29
январь
2024
"ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА КЕРІ ӘСЕРІ"
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыта отырып, есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы және зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерте отырып, құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру мақсатын тәрбие сағаттары өтілді.  
СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
23
январь
2024
СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
0,1-11сынып оқушыларына төтенше жағдайлардың алдын алу және жер сілкінісі кезіндегі қарапайым қадамдарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық жаттығулар жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағұлмат беру. Төтенше жағдай орын алғанда мектеп ғимаратынан шығу жолдарымен мектеп әкімшілігі және АӘТД пән мұғалімі М. Садиров практикалық жұмыс жүргізді.  
"ӘДЕПТІЛІК-ІЗЕТТІЛІК"
22
январь
2024
"ӘДЕПТІЛІК-ІЗЕТТІЛІК"
Жақсылыққа игілікке бой түзеуге абыройлы болуға ар ұждан намыс,жауапкершілік мейірімділік қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. 
"САРДАР-2024"
19
январь
2024
"САРДАР-2024"
«Алматы облысы білім басқармасының «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 12 қаңтар күні А.Бертаева атындағы орта мектебінің базасында 11-сынып мектеп оқушыларының арасында «Сардар» олимпиадасы ұйымдастырылып аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орын жеңіп алған Шелек ауылындағы гимназия орта мектебі марапатталып облысқа жолдама алды🥇🏆. 2 орын Абай атындағы орта мектеп 🥈🏆, 3 орын Ы.Алтынсарин орта мектебі алды🥉🏆  
"ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ"
19
январь
2024
"ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ"
«Құқық бұзушылықтың алдын алу»   мақсатында 9–11 сынып оқушыларына жиналыс өткізілді. Мақсаты:   оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. 
"ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ"
16
январь
2024
"ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ"
7-11 сынып қыз балаларымен "Ерте жүктіліктің алдын-алу" жөнінде «Болашаққа қамқорлық» тренинг іс-шарасын Достық ауылдық амбулаториясы дәрігерлерінің қатысуымен қыздар жиналысын өткізді. Мақсаты: отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу және жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, жан сұлулығы
"ШАХМАТШЫЛАР"
16
январь
2024
"ШАХМАТШЫЛАР"
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп" КММ-нің шахмат спорттық секциясының жетекшісі А.Тохтиев баптаған оқушылары 10 мектептің үздік шахматшыларымен сынға түсіп 1 орынды иеленіп, аудандық шахмат турниріне жолдама алды.    
"ЖАҢА ЖЫЛ-2024"
28
декабрь
2023
"ЖАҢА ЖЫЛ-2024"
Жаңа жыл мерекесіне арналған барлық сыныптарға іс-шаралар ұйымдастырылды: Жаңа жыл мерекесіне орай сурет көрмесі;  «Кел, жаңа жыл!» 1-4 сыныптарында 28 желтоқсан күні таңертеңгілік өтті. Балалар жаңа жыл мерекесіне арнап көріністер  және концерт ұйымдастырып, қонаққа Фиксики мен клоуын келіп түрлі би, ойындарымен балалардың көңілдерін көтеріп сахналаулар ұйымдастырды. 29желтоқсан күні «Әсем шырша сәнденген!» даярлық сыныптарында тамаша іс-шара өткізілді. Жаңа жылдық мерекелік іс-шараға барлық
"НҰРЫМЕН АРАЙЛЫ-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН"
15
декабрь
2023
"НҰРЫМЕН АРАЙЛЫ-ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған “Нұрымен арайлы-Тәуелсіз Қазақстан” атты А.Бертаева атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен желтоқсаншыларымен кездесу өтті. Желтоқсан оқиғасының 11 қатысушылары іс -шараның қонағы болды. Іс - шара барасында Қаратұрық ауылдық округі әкімінің орынбасары Сокуров Бауржан Жұмақанұлы құттықтап, ізгі тілектерін айтты. 
Желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Мектеп
"БОЛАШАҚҚА ХАТ"
13
декабрь
2023
"БОЛАШАҚҚА ХАТ"
«Тоғыз айға 9 іс-шара» жобасы аясында «Болашаққа хат» шығарма жазу челленджі. Мақсаты: Білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойға жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу Міндеттері: Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жазып жеткізу дағдыларын жетілдіру Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру    инста парақшадан көру үшін басыңыз
"АЙМАҚТЫҚ ФУТЗАЛ"
12
декабрь
2023
"АЙМАҚТЫҚ ФУТЗАЛ"
"А.Бертаева атындағы орта мектеп" КММ аймақтық кіші футбол жарысынан 1 орынды иеленді. Жетекшілері Ш.Ивуллаев  
"ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ МӘҢГІЛІК"
12
декабрь
2023
"ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ МӘҢГІЛІК"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған тәрбие сағаттар ұйымдастырылды 
"ҚОҒАМ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ"
04
декабрь
2023
"ҚОҒАМ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ"
"Қоғам игілігіне қызмет ету" тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты: қоғамға адал қызмет ету арқылы,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -отан,қоғам ұғымын мейірімділік қасиетімен ұғындыру. -жауапкершілік,бауырмалдылық қасиеттерін дамыту. - отанды,қоғамды құрметтей отырып,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. #біртұтастәрбие #ұлттықмүдде 
"ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ"
30
ноябрь
2023
"ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ"
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында " Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және даму тарихы" атты іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі Г.Аширова ұйымдастырды. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында "А.Бертаева атындағы орта мектеп" КММ тарих пәнінің мұғалімі Г.Аширова "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және даму
"МЕЙІРІМДІЛІҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ"
27
ноябрь
2023
"МЕЙІРІМДІЛІҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ"
22.11-30.11 аралығында "Мейірімділік құндылығы" атты акция аясында 27.11 күні тәрбие сағаттары ұйымдастырылды 
"ЖҚТБ-ҒАСЫР ДЕРТІ"
27
ноябрь
2023
"ЖҚТБ-ҒАСЫР ДЕРТІ"
27.11-01.12.23 күндері аралығында «Ғасыр індетінен» сақтаныңыз! атты апталық аясында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ - ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.  
"АБАЙ И ПУШКИН-ДВА ГЕНИЯ ДВУХ НАРОДОВ"
23
ноябрь
2023
"АБАЙ И ПУШКИН-ДВА ГЕНИЯ ДВУХ НАРОДОВ"
Цели: Обогатить знания учащихся о Пушкине и Абае ,воспитывать любовь к поэзии ,чувство патриотизма и уважение к культуре другого народа.  
"ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ СИМВОЛДАРЫ" КІТАП КӨРМЕСІ
22
ноябрь
2023
"ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ СИМВОЛДАРЫ" КІТАП КӨРМЕСІ
Кітапхана меңгерушісі А.Хизирова " Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары" тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
"ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ"
17
ноябрь
2023
"ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында оқушыларды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, ақкөңіл, адал болуға тәрбиелеу мақсатында "Есіңе мені алғайсың..." тақырыбында кеш ұйымдастырылды.