«Денсаулық фестивалі -2024» » "Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп - Лавар бастауыш мектебімен" КММ
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа Каратурык
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп - Лавар бастауыш мектебімен"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
06
сентябрь
2024

«Денсаулық фестивалі -2024»

«Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» атты денсаулық фестивалінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Фестивальдің ашылу салтанаты мектеп директоры Ж.Мухалиеваға берілді. Фестивальде 7-8 сынып оқушылар «Спорт біздің болашағымыз» атты әдеби монтаж оқып, 9-11 сынып оқушылары «Спорт, спорт, спорт» атты флэш моб биледі. Дене шынықтыру пән мұғалімі А.Асылбеков, Б.Есенбеков, А.Надырбеков, Ш.Ивуллаев жалпы шынығу жаттығуларын 2-11 сынып оқушыларына өтті.

Үлкен футбол жарысын Б.Есенбеков пен И.Марис Достық ауылының футбол алаңында 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. «Үлкен футбол» жарысы нәтижесінде 9а сыныбы 1 орын, 10б сыныбы 2 орын, 9 ә сыныбы 3 орын иеленді. 11 сынып оқушыларының командасы мадақтамамен марапатталды.

«Теннис» жарысы ойынын дене шынықтыру пән мұғалімі А.Асылбеков жалпы мектеп теннисшілері арасында ұйымдастырды. «Теннис» ойынына мектеп мұғалімдері, 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Дене шынықтыру пән мұғалімі А.Тохтиев «Әкем, анам және Мен» атты толағай ойынын 4 сыныптар арасында ұйымдастырды. Сонымен қатар «Шахмат» ойынын ұйымдастырды.
7-9 сыныптар арасында «Шағын футбол» ойынын дене шынықтыру пән мұғалімі Ш.Ивуллаев ұйымдастырды. Ойын нәтижесінде 7-9 сыныптар бойынша құрама команда ішінен «Жалын» командасы 1 орын, «Ұландар» командасы 2 орын, «Жас қырандар» командасы 3 орынды иеленді.

9-10 сынып қыздар арасында «Баскетбол» ойынын дене шынықтыру пән мұғалімі А.Надирбеков ұйымдастырды. Ойын нәтижесінде 9а сынып қыздары 1 орын, 10ә сынып қыздары 2 орын, 10 а сынып қыздары 3 орын иеленді.