"ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАР" АУДАНДЫҚ СЕМИНАР » «Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» Управления образования Алматинской области
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа Каратурык
"Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
23
май
2024

"ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАР" АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

 
 


Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мектептен бастау алады. Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, қоғам өміріне бейімдеуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге, салауатты өмір негіздерін жүзеге асыруға бағыттайды демекші, биылғы оқу жылының 23 мамыры күні Алтынбике Бертаева атындағы орта мектебінде «Құндылыққа бағдар: сапалы білім, ұлттық мүдде, ұлағатты ұрпақ» атты тақырыпта мектеп директорларына арналған аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
Оқу мен тәрбие үдерісінде жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. Өскелең ұрпақты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Ұлтжанды, патриот, Отансүйгіштік қасиеттерді бала бойына сіңіреді.
Құндылықтар арқылы ұлтты құрметтеуге үйренеді.
Оқу мен тәрбие жобалары арқылы мектеп мәдениеті дәстүрі қалыптасады.