2023-2024 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарының талдауы
Мектеп – балалар білім алып, оқуын тәмамдаған соң аттестат беретін мекеме ғана емес, бүгінгі мектеп – жергілікті қауымдастықпен, ата-анамен, қоғамдық бірлестіктермен, қосымша білім беретін мекемелермен, бизнес және өзге де құрылымдармен ықпалдастық орнататын орын. Сондай-ақ, мектеп: • білім алушылардың әлеуметтік, физикалық, моральдық, эмоциялық, интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді; • балалар дүниетанымының тұтастығын, сыни ойлауын, өзіне талдау жасап, өзінөзі бағалау қабілетін,